«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 12-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін және (немесе) жеңілдікті шарттармен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі:

дәрілік заттар осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес;

арнайы емдік өнімдер осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес;

медициналық бұйымдар осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес қосымша берілсін.

  1. Қостанай облыстық мәслихатының мынадай шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

1) «Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы» 2018 жылғы 23 мамырдағы № 265 (2018 жылғы 20 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 7837 болып тiркелген);

2) «Мәслихаттың 2018 жылғы 23 мамырдағы № 265 «Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды қосымша беру туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 20 наурыздағы № 490 (2020 жылғы 2 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жари яланған, Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 9056 болып тiркелген).

  1. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Сессия төрағасы                                                                

 

Қостанай облыстық

мәслихатының хатшысы                                                  С. Ещанов

 

Қосымша 1

Қосымша 2

Қосымша 3