Шешім жобасы ашық нормативтік құқықтық актілер порталында орналастырылған
https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=4259048
Осы Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың үлгілік қағидалары (бұдан әрі –Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 2-2-тармағына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 7-бабы 2-тармағы 12-14) тармақшасынажәне «Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 145 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20540 болып тіркелді) бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың үлгілік қағидаларының 3-тармағына сәйкес, Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Осы шешімнің қосымшасына сәйкес қоса беріліп отырған Қостанай облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың қағидалары бекітілсін
- Қостанай облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың қағидалары заңнамамен белгіленген тәртіпте Қостанай облыстық мәслихаты сессиясының бекітуіне енгізілсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі А. Мұхамбетов