«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 9-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Қостанай облысының ауылдық елді мекеніне жұмыс істеу үшін жолданған медициналық және фармацевтикалық қызметкерлерге облыстық бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету Қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес анықталсын.
- Қостанай облысының ауылдық елді мекеніне жұмыс істеу үшін жолданған медициналық және фармацевтикалық қызметкерлерге облыстық бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету мөлшері 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңге көлемінде анықталсын.
- Осы шешім бірінші ресми жариялау күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы А. Сергеев
Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы С. Ещанов