«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)»Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағыКодексінің 587-бабына, 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Орман кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 5-тармағына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Қостанай облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды пайдалану үшін 2019 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелерібекітілсін.
1) осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Қостанай облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш шырындарын дайындау үшін;
2) осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Қостанай облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде жанама орман пайдалану үшін;
3) осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес Қостанай облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде қосалқы ағаш ресурстарын дайындау үшін;
4) осы шешімнің 4-қосымшасына сәйкес Қостанай облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерін аңшылық шаруашылығы қажеттері үшін, ғылыми-зерттеу, сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар үшін, ағаш пен бұта тұқымдыларының отырғызу материалы мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер өсіругепайдалану үшін.
- Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Сессия төрағасы
Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы