1990 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы 1 қазанды Халықаралық қарттар күні деп жариялады.

Содан бері жыл сайын, алтын күз уақытында, өңірдің барлық ұйымдары өздерінің құрметті демалыста жүрген еңбек ардагерлеріне құрмет көрсетеді.

Биылғы жылы да короновирусқа байланысты қалыптасып отырған жағдайға қарамастан, Қостанай облыстық мәслихатының қызметкерлері өз ардагерлерін назардан тыс қалдырмады. Үйлеріне барып-шығу ұйымдастырылды.

Оларға денсаулық пен ұзақ өмір тілей отырып, ақшалай конверттер табыс етілді.