21 тамызда Қостанай облысының қоғамдық кеңесі С. М. Жалыбиннің төрағалығымен «Дружба тұрғын үй кешені тұрғындарының кейбір мәселелері және оларды шешу жолдары туралы» қоғамдық тыңдау өткізді. Мәселе 2019 жылға арналған қоғамдық кеңестің жұмыс жоспарына енгізілді.

Қоғамдық тыңдауларды өткізу туралы хабарландырулар белгіленген мерзімде облыстық мәслихаттың интернет-ресурсында, «Наш Костанай» қалалық газетінде, сондай-ақ тұрғын үй массивінде мәтіндік хабарландырулар орналастырылды. Тыңдаулар Дружба орта мектебінің ғимаратында өтті.

Мәселені дайындау үшін Қоғамдық кеңестің мүшесі Сергей Михайлович Жалыбин басқаратын жұмыс тобы құрылды, ол бірқатар проблемаларды анықтады. Сондай-ақ мәселені дайындауға Қостанай қаласының қоғамдық кеңесінің мүшелері қатысты, онымен облыстың қоғамдық кеңесі ағымдағы жылдың сәуір айында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Қостанай қаласы әкімінің орынбасары А.Т. Қасымов атқарылған жұмыстар мен даму перспективалары туралы ақпарат берді.

Тұрғындарды жол жағдайы, автобус аялдамалары, автобус қозғалысының аралығы 18а, суару үшін техникалық судың болмауы, кәріз жүйесінің нашар жұмысы, жеке аулалар үшін қалдықтардың қымбат болуы, сапалы медициналық көмектің жоқтығы, әлеуметтік инфрақұрылымның дамымауы және т.б. мәселелер толғандыруда.

Қоғамдық кеңес мүшелері тұрғындарды толғандырған сұрақтарға жауап беруге тырысты, олардың кейбіреулері бақылауға алынды.