«Qostanai – Adaldyq Alaṅy» жобалық кеңсесінің қызметі туралы облыстық мәслихат аппаратының қызметкерлері алдында жобалық кеңсенің басшысы А. М. Әлжанова сөз сөйледі. Ол кеңсенің азаматтар үшін қолайлы жағдай жасауға және тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған жұмысы туралы айтып, көптеген қызығушылық танытқан сұрақтарға жауап берді.

Бұл жұмысқа аудандар мен қалалардың әкімдіктері, сондай-ақ облыстың мемлекеттік органдары мен ұйымдары белсенді түрде тартылған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі облыстық және аудандық комиссияларда азаматтардың өзекті мәселелері көтеріледі. Кеңсе алаңында, «Көмек алаңы» фронт-офистерінде құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. «Qostanai-Adaldyq Alaṅy» жобалық кеңсесі түпкілікті нәтижеге бағытталған және мемлекеттік билік органдары мен жұртшылықтың бірлескен жұмысының арқасында облыс халқының құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетінің, адалдығы мен парасаттылығының деңгейі артады.