Ағымдағы жылдың 14 тамызында облыстық мәслихаттың депутаты В.И. Семейкиннің төрағалығымен Қостанай облыстық мәслихаты алтыншы шақырылымының кезекті он тоғызыншы сессиясы өтті.

Сессия жұмысына Қостанай облысының әкімі А.Б. Мұхамбетов, облыстық мәслихаттың депутаттары қатысты, сондай-ақ қалалық және аудандық мәслихаттардың хатшылары шақырылды.

Карантиндік шаралардың ұзартылуына байланысты сессия қашықтықтық режимінде өткізілді. Облыстық мәслихаттың депутаттары мен қалалық және аудандық мәслихаттардың хатшылары сессияға қашықтан қатысып, бейнеконференц байланыс режимінде қосылған.

Қостанай облыстық мәслихатының 2020 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес сессияда Қостанай облысы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау туралы есебі қаралды.

Отырыс барысында депутаттар стационарлар мен дәріханалардағы дәрілік заттардың қорына қатысты, сондай-ақ карантиндік шаралардың енгізілуіне байланысты жыл қорытындысы бойынша өңір экономикасындағы жағдай туралы сұрақтар қойды.

Қарау қорытындысы бойынша депутаттар облыс әкімінің есебін бірауыздан қолдады.