«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1-тармағына сәйкес, Қостанай облыстық сайлау комиссиясы төрағасының 2021 жылғы 14 қаңтардағы № 6 қаулысының негізінде Қостанай облыстық мәслихаты жетінші шақырылымының бірінші кезекті сессиясы 2021 жылғы 15 қаңтарда сағат 15-00-де мына мекенжай бойынша өтеді: Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 66, мәжіліс залы, 8-қабат.
Күн тәртібінің жобасында келесі мәселелер:
1. Қостанай облыстық мәслихаты жетінші шақырылымының бірінші кезекті сессиясының төрағасын сайлау туралы.
- Қостанай облыстық мәслихаты жетінші шақырылымының бірінші кезекті сессиясының күн тәртібін бекіту туралы.
- Қостанай облыстық мәслихатының хатшысын сайлау туралы.
- Қостанай облыстық мәслихатының тұрақты комиссияларын құру туралы.
- Қостанай облыстық мәслихаты тұрақты комиссияларының құрамы туралы.
- Қостанай облыстық мәслихаты тұрақты комиссияларының төрағаларын сайлау туралы.
- Қостанай облыстық мәслихаты жетінші шақырылымының екінші кезекті сессиясының төрағасын сайлау туралы.
Анықтама үшін телефон: 87142575600, 575601.