2021 жылғы 20 қаңтарда, БКБ режимінде Қостанай облыстық мәслихаты жетінші шақырылымының кезектен тыс сессиясы өтеді.
Күн тәртібінің жобасында келесі мәселелер:
- Қостанай облыстық мәслихатының 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 570 «Қостанай облысының 2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы өңірлік көркемдік кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы;
- Мәслихаттың 2018 жылғы 16 қарашадағы № 331 «Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның дербес құрамына өзгерістерді Қостанай облыстық мәслихатының сесииясына бекітуге енгізу туралы.
Анықтама үшін телефон: 87142575600, 575601.