2021 жылғы 20 қаңтарда бейнеконференция режимінде мәслихат депутаты Нуркелген Абдрашевич Утеулиннің төрағалығымен Қостанай облыстық мәслихаты жетінші шақырылымының кезектен тыс сессиясы өтті.

Сессия жұмысына Қостанай облысының әкімі Мұхамбетов Архимед Бегежанұлы қатысты, сондай-ақ облыстық басқармалардың басшылары, БАҚ  өкілдері шақырылды.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Г.Мұсағазина негізгі баяндама жасады. Басқарма басшысы өз баяндамасында ағымдағы жылдың басында пайда болған бос қалдықтың бөлінуі туралы егжей-тегжейлі баяндады.

Отырыс барысында құқық бұзушылықтардың алдын алу, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші органдардағы өзгерістерге, өңірлік көркемдік кеңестің дербес құрамын бекітуге және «NurOtan» партиясының депутаттық фракциясы түріндегі депутаттық бірлестікті тіркеуге байланысты мәселелер қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша сессияның күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жобалар бірауыздан қабылданды.