2021 жылғы 11 ақпанда сағат 15-00-де Қостанай облыстық мәслихатының жетінші шақырылымы тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтеді.  Отырыс ZOOM режимінде өткізілетін болады. Төрайымы: Капенова Г.А.

Анықтама үшін телефон: 87142575600, 575601

Күн тәртібінің жобасында келесі мәселелер:

  1. Мәслихат сессиясының бекітуіне енгізілген шешімдердің жобаларын алдын ала қарау:
  • мәслихаттың 2018 жылғы 2 ақпандағы № 229 «Әлеуметтік маңызы бар қатынастар тізбесін айқындау туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы» (баяндамашы – Нұрғалиев Олжас Жомартұлы, «Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ басшысы);
  • мәслихаттың 2016 жылғы 17 ақпандағы № 502 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және орман шаруашылығы саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелерді белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (баяндамашы – Шаймарданова Жанна Төрегелдіқызы, «Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік даму басқармасы» ММ басшысының орынбасары);
  • азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін, облыстық бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленетін мамандар лауазымдарының тізбесіне өзгерістерді келісу туралы (баяндамашы – Шаймарданова Жанна Төрегелдіқызы, «Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік даму басқармасы» ММ басшысының орынбасары);
  • мәслихаттың 2006 жылғы 15 қыркүйектегі № 356 «Қостанай облыстық мәслихатының және «Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (Г. А. Қапенова хабардар етеді);
  • «Қостанай облыстық мәслихатының 2021 жылға арналған жұмыс жоспары туралы» (мәслихаттың тұрақты комиссияларының төрағалары хабардар етеді).