2021 жылғы 11 ақпанда облыстық мәслихаттың депутаты Г.А. Капенованың төрайымдылығымен мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.

Отырыс жұмысына Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы С.Е. Ещанов, облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының төрағалары мен мүшелері, облыстық мәслихат аппаратының өкілдері, мемлекеттік органдардың өкілдері (шешім жобаларын әзірлеушілер) және басқа да мүдделі мемлекеттік органдар қатысты.

Отырыста барлығы 6 мәселе қаралды. Отырыс Zoom режимінде өтті.

Отырыста сессияның бекітуіне енгізілген шешімдердің жобалары алдын ала қаралды: мәслихаттың 2018 жылғы 2 ақпандағы № 229 «Әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы. Осы мәселе бойынша «Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ басшысы О. Ж. Нұрғалиев баяндама жасады;

мәслихаттың 2016 жылғы 17 ақпандағы № 502 «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және орман шаруашылығы саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін, облыстық бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленетін мамандар лауазымдарының тізбесіне өзгерістерді келісу туралы. Аталған жобалар бойынша «Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ басшысы Г.Ғ. Мұсағазина сөз сөйледі;

Облыстық мәслихат депутаттары Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық келісім мәселелері бойынша депутаттық тобын ұйымдастыру туралы жобаларды, 2021 жылға арналған жұмыс жоспарын және Қостанай облыстық мәслихаты аппаратының құрылымындағы өзгерістерді талқылады.

Депутаттар сессияға енгізілген шешімдердің барлық жобаларын бірауыздан қолдады.