2019 жылдың 2 қыркүйегінде облыстық мәслихаттың депутаты О. В. Даниленконың төрағалық етуімен Қостанай облыстық мәслихатының алтыншы шақырылымының кезектен тыс сессиясы өтті.

Сессия жұмысына облыстық мәслихаттың хатшысы С. Е. Ещанов, облыс әкімінің орынбасары М. Қ. Жүндібаев, қала әкімінің орынбасары Р. Х. Кәркенов, облыстық мәслихаттың депутаттары, бірқатар облыстық департаменттердің басшылары, қоғамдық ұйымдардың, Облыстың Қоғамдық кеңесінің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Бір мәселе қаралды: Қостанай қаласының құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы.

Аталған мәселе бойынша Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының басшысы Г. Е. Мендекинова сөз сөйледі.

Баяндамашының ақпараты бойынша, ҚР Президенті Қ. Тоқаев Астана қаласын Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы ұсыныс жасады,сондай-ақ ол Ұлт Көшбасшысының атын барлық қалалардың орталық көшелері алып жүру керектігін айтты. Ел бойынша барлық жерде қалалар мен аудандардың көшелеріне оның есімін беру жөнінде ұсыныстар жасалды. Сондай-ақ, біздің облысымыз Н.Назарбаевтың еңбегіне құрмет көрсету эстафетасын қабылдады.

Өңірдің ірі қала құраушы кәсіпорындары «ССКӨБ» АҚ, «Қостанай минералдары», «Баянсұлу», «СарыАрқаАвтоПром» АҚ, Ауыл шаруашылық құрылымдарының басшылары Б. Князев, С. Буканов сондай-ақ Қостанай қаласының орталық көшелерінің біріне ҚР Тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың есімін беру туралы жазбаша өтініштермен сөз сөйледі. Ал Қостанай автомобиль жолдары колледжінің ұжымынан Қостанай қаласы әкімінің атына Юрий Гагарин көшесін Нұрсұлтан Назарбаев даңғылына және Гвардейская көшесін Юрий Гагарин көшесіне қайта атау туралы бастамашылық хат келіп түсті.

Жалпы Ю. Гагарин атындағы облыс бойынша 99 көше бар, ал Қостанай қаласы бойынша космонавттардың есімдерімен 9 көше аталған. КСРО бірінші ұшқыш – ғарышкері, Кеңес Одағының Батыры, бірқатар мемлекеттердің жоғары айырым белгілерінің кавалері, көптеген ресейлік және шетелдік қалалардың Құрметті азаматы, Жер адамы Юрий Алексеевич Гагариннің есімі бүкіл әлемге белгілі болды, оның ерлігі әрқашан бірегей және теңдесі жоқ болып қалады.

Сондай-ақ, Қостанай қаласының атаусыз көшесіне Дмитрий Герасимовтың есімін беру туралы ұсыныс түсті. Дмитрий Герасимов танымал дәрігер. 1995 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтының педиатрия факультетін бітіргеннен кейін Қостанай облыстық балалар ауруханасында еңбек жолын бастады және ол жерде өмірінің соңына дейін жұмыс істеді. 2006 жылдан бастап Травматология және ортопедия бөлімінің меңгерушісі болды. Дмитрий Герасимов үшінші ұрпақтың дәрігері, отбасылық докторлық әулеттің өкілі 10 мыңнан астам ота жасап, мыңнан астам ауыр науқас балаларды құтқарды.

Юрий Гагарин көшесін Нұрсұлтан Назарбаев даңғылына, Гвардейская көшесін Юрий Гагарин көшесіне қайта атау және Қостанай қаласының әуежайы шағынауданының атауы жоқ көшесіне Дмитрий Герасимовтың есімін беру жөніндегі ұсынысты депутаттар бірауыздан қабылдады.