«КЕЛІСІЛДІ»

Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы _____________    С. Ещанов

Қостанай қ.                                                                                                                               2021 жылғы 15 қаңтар

Қостанай облыстық мәслихаты хатшысының 2021 жылғы   15 қаңтардағы № 1-НҚ «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» өкімінің негізінде 2021 жылғы 15 қаңтарда «Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» ММ (бұдан әрі – Аппарат) қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

  1. Аппарат қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердегі және құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Аппарат басшысының орынбасары тұрақты негізде Қостанай облыстық мәслихатының нормативтік құқықтық және құқықтық актілеріне мониторинг жүргізеді.

2020 жылдың есепті кезеңінде Аппарат қызметін қозғайтын бір нормативтік құқықтық актіге – Қостанай облыстық мәслихатының 2018 жылғы 12 наурыздағы № 256 «Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» шешіміне (мемлекеттік тіркеу нөмірі 7634) талдау жүргізілді. Жүргізілген талдау, көрсетілген актіде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің жоқтығын көрсетті.

Қостанай облыстық мәслихаты қабылдайтын нормативтік құқықтық актілер, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 шілдедегі № 451 қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамадан өтеді.

  1. Аппараттың ұйымдастыру-құқықтық, құжаттамалық қамтамасыз ету және кадр жұмысы бөлімінің (бұдан әрі – Бөлім) қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

2.1. Персоналды басқару

Аппарат қызметкерлерінің штаттық саны 8 бірлікті, нақты саны 7 қызметкерді құрайды.

Есепті кезеңде ауысымдылық – 0, оның ішінде таза ауысымдылық – 0 құрады.

Мемлекеттік қызметшілердің өз өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де қызметтік мүдделерде пайдалануына әкеліп соғуы мүмкін әрекеттерді жасауына жол бермеу мақсатында, Аппарат Бөлімі ешкімді қалдырмастан барлық мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулермен, ол мемлекеттік қызметшілердің жеке істеріне тігілген, таныстыру бойынша жұмыс жүргізді. Жыл сайын Аппараттың барлық мемлекеттік қызметшілері мен олардың жұбайлары кірістері туралы декларация тапсырады, бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамада көзделген қаржылық бақылау шарасы болып табылады.

Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында Аппаратта «сенім телефоны» жұмыс істейді.  «Сенім телефоны» туралы хабарландыру Қостанай облыстық мәслихатының ресми сайтында орналастырылған.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілері Әдеп кодексінің мәтіні стендте және Қостанай облыстық мәслихатының ресми сайтында орналастырылған.

Аппарат басшысына Әдеп жөніндегі уәкілдің функциялары жүктелген.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

2.2. Мүдделер қақтығысын реттеу

Туыстық байланысы бар не болмаса ерлі-зайыптылар болып табылатын мемлекеттік қызметшілер Аппаратта жұмыс істемейді, тиісінше сыбайлас жемқорлық бұзушылықтардың туындау тәуекелі жоқ.

2.3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету

Аппарат мемлекеттік қызмет көрсетпейді.

2.4. Рұқсат беру функцияларын іске асыру.

Аппарат рұқсат беру функцияларын іске асырмайды.

2.5. Бақылау функцияларын іске асыру

Аппарат бақылау функцияларын іске асырмайды.

2.6. Аппараттың ұйымдастыру-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер

2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Қостанай облыстық мәслихатының атына 55 өтініш түсті, оның ішінде өтініштер – 47, өзге де өтініштер – 8, оның ішінде қолданыстағы заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы – 15, еңбек шартын бұзу туралы – 7, заңнама нормаларын түсіндіру туралы – 4, қайта атау туралы – 5, материалдық көмек көрсету туралы – 3, марапаттау және атақтар беру туралы – 5, анонимдік – 1, басқалары – 15.

Қостанай облыстық мәслихатының азаматтарды қабылдау кестесін мәслихат хатшысы бекітеді және Қостанай облыстық мәслихатының сайтында орналастырылады. Мәслихат хатшысы азаматтарды қабылдауды тұрақты негізде жүргізеді.

Ай сайын жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қостанай облысы бойынша басқармасымен салыстырып тексеру жүргізіледі.

Аппарат қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау қорытындылары бойынша, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлардың туындау мүмкіндіктері анықталған жоқ.

 

 

 

 

 

Қостанай облыстық мәслихаты

аппараты басшысының

орынбасары                                                                 С. Қалдыбаева