«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының                  35-1-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қостанай облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

1) «Қостанай облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 16 тамыздағы № 180, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7176 болып тіркелген;

2) «Мәслихаттың 2017 жылғы 16 тамыздағы № 180 «Қостанай облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс және толықтыру енгізу туралы» 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 350, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8177 болып тіркелген.

  1. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.