Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын   пандемия деп жариялауына байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 «Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізу туралы» Жарлығына сәйкес, коронавирустық инфекцияның (бұдан әрі – КВИ) халық арасында таралуының алдын алу мақсатында тыйым салу және шектеу сипатындағы шаралар қабылданды.

Коронавирустық инфекциясымен аурушылық әлемде пандемия ауқымын алды, Қазақстан Республикасында да сондай-ақ коронавирустық инфекция жағдайлары тіркелген, оның ішінде Қостанай облысына іргелес өңірлерде де, сондықтан Қостанай облыстық мәслихатының депутаттары мен аппараты да бүкіл әлем үшін қиын болып тұрған осынау күрделі жағдайда бей-жай қала алмады. Бұл ретте депутаттардың жұмысы тек ақпараттық-түсіндіру шараларын іске асырумен шектелмейді. Өз кәсіпорындарында, ұйымдарында депутаттар жұмыскерлерді қорғаныш құралдарымен, дезинфекциялау құралдарымен қамтамасыз етті, карантиндік іс-шараларды сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді, штаттық режимде жұмыс істеу үшін алдын алу шараларын қабылдады, қорғаныш маскаларын тігуді ұйымдастырды. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кәсіпорындардың әлеуметтік маңызы бар өнімдерінің өнімділігі бұрынғы деңгейде сақталған. Депутат Е.В. Смышляеваның төрағалығымен Қостанай облысының кәсіптік одақтарының аумақтық бірлестігі жанындағы еңбеккерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі жедел штаб ұйымдастырылды. Төтенше жағдай кезінде еңбек қатынастары саласындағы заңнаманы сақтау мәселелері бойынша тәулік бойы жедел желі және WhatsApp нөмірі ашылды. 2000-нан астам өтініш келіп түсті, 238 азаматқа көмек көрсетілді, 1447 кеңес берілді, қалғандары құзыретті мемлекеттік органдарға жіберілді. ТЖ кезінде шығарылатын жұмыс берушілердің актілеріне мониторинг жүргізіледі. Уақытша немесе тұрақты түрде ұтқырлығынан айырылған тәуекел тобы азаматтарының өтініштеріне тез әрекет ету үшін волонтерлік топтар құрылды. Өтініштер бойынша жеке қорғаныш құралдарымен 84 қарт адам,   1-ші топтағы 12 мүгедек қамтамасыз етілді.

Рудный қаласындағы колледж базасында 100 кереуеттік карантиндік стационар ашылды, тәулік бойғы бақылау ұйымдастырылды.

Күн сайын қызметтік міндеттер шеңберінде Қостанай қаласының медициналық ұйымдарының жай-күйіне мониторинг жүргізіледі, аз қамтылғандар, демалыста жүргендер, аурулығына байланысты үйде отырғандар қатарынан 20 денсаулық сақтау қызметкеріне азық-түлік пакеттері сатып алынды, сондай-ақ Қостанай емханалары үшін 2000 дана көзілдірікке, маскаларға, бір жолғы сүлгілерге тапсырыс берілді.

Мұқтаж студенттерге азық-түлік пакеттері берілді. А.Байтұрсынов ат. ҚМУ, З. Алдамжаров ат. ҚӘТУ жатақханаларында, сондай-ақ мұқтаж студенттер мен мектептер, колледждер және жоғары оқу орындарының қызметкерлеріне қашықтықтан оқыту және жұмыс істеу үшін компьютерлер берілді.

Көпбалалы және аз қамтамасыз етілген отбасыларға көмек көрсетіледі, зейнеткерлерге маскалар таратылып, оқушыларды қашықтықтан оқыту және оқушыларға маскалар сатып алу ұйымдастырылды, әлеуметтік жағынан осал отбасыларынан шыққан балалар санаты смартфондармен, қашықтықтан оқыту үшін ноутбуктармен қамтамасыз етілді.

Партиялық бақылау шеңберінде автобустардың өңделуін, зарарсыздандыратын құралдардың болуын тексеру бойынша рейдтер жүргізілді, депутаттар баға, маскалар және т.б. мониторингі үшін сату желілеріне барды, дүкендерге азық-түліктің барлығына  тексеріс жүргізді. Депутаттар коммуналдық қызметтерге барды. Нақты уақыт режимінде облыс кәсіпорындарында еңбек жағдайларына қоғамдық мониторинг ұйымдастырылып, жүргізілуде, сондай-ақ ірі үздіксіз өндірістерде, оның ішінде жатақханаларда, өндірістік асханаларда карантиндік шаралар кешеніне талдау жүргізіледі. Күн сайын азаматтарды қабылдау жүргізіледі. Мұқтаждарға медициналық дәрі-дәрмектер тасымалдау үшін көлікпен қамтамасыз ету мәселесі шешілуде, еңбек даулары бойынша жедел желі ашылды.

«Біз біргеміз» республикалық акциясына Қостанай облысының іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі Г.А. Капенова белсенді қатысады. Қауымдастық белсенділері азық-түлік жиынтығын, санитариялық-гигиеналық құралдарды жеткізеді, жалғыз басты зейнеткерлер мен ҰОС ардагерлеріне барады. Қостанай облысының полицейлеріне 350 медициналық маска тегін берілді. Сонымен қатар, Г.А. Капенова бұқаралық ақпарат құралдары арқылы туризм саласында туындаған әлеуметтік қақтығыстарды шешу бойынша халықпен жұмыс жүргізеді, БАҚ үшін коммуникация орталығында брифингтің бастамашысы, Қостанай облысының туристік агенттіктеріне заңдық көмек көрсетуді ұйымдастырушы болып табылады.

Аса назар аудару аймағында – барлық санаттағы медицина қызметкерлері. Кәсіптік одақтары 2020 жылдың 2 сәуіріне ауруханалардағы барларына қосымша 250 жеке қорғаныш құралдары жиынтығын сатып алды.

Интернат үлгісіндегі білім беру мекемелерінің ұжымдарына, мектепке дейінгі ұйымдардың қызметкерлеріне қолдау көрсетілді. Барлығы 3500 қызметкер маскамен қамтылған. Педагогтардың қашықтықтан жұмыс орындарына аттестаттау жүргізілді.

Қоғамдық пікірдің облыстық көшбасшысы ретінде Үкімет қабылдаған дағдарысқа қарсы шараларды Қостанай коммуникация қызметінің алаңы, жергілікті БАҚ, әлеуметтік желілер арқылы күнделікті түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

«ССКӨБ» АҚ 100 млн.теңге көлемінде коронавируспен күресу үшін елордаға елеулі көмек көрсетті. Экономикалық және әлеуметтік ахуалды тұрақтандыру үшін Қазақстан Президенті мен Үкіметі қабылдап жатқан шараларды қолдау үшін республикалық қорға 4,5 млрд.теңге аударылды. Жалпы сомасы   11 млн. теңгеден астам материалдық көмек көрсетілді.

Облыстық мәслихаттың депутаттары қайырымдылық акциясы аясында «Біз біргеміз» қорына 7 млн. теңгеден астам қаржы аударды. Халықтың әлеуметтік осал топтарына жалпы сомасы 2 млн.теңгеден астам азық-түлік пакеттерімен көмек көрсетілді.

Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырыстарын өткізу неғұрлым кешірек мерзімдерге көшірілді. Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты шұғыл мәселелерді тұрақты комиссиялардың, сессиялардың отырыстарында қарау қашықтықтан режимінде жүргізіледі.

Облыстық мәслихат аппараты, жекелеген қызметкерлер жұмыс кестесіне сәйкес әдеттегі режимде шыға отырып, қашықтықтан жұмыс режиміне ауыстырылды. Аппараттың барлық қызметкерлері жеке қорғаныш құралдары – маскалармен қамтамасыз етілген, санитариялық-дезинфекциялық режим күшейтілген: көпфункционалды антисептикалық құралын пайдалана отырып қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнатылды, қызметкерлермен төтенше жағдайдың әрекеті кезеңінде карантин режимін сақтау жөнінен түсіндіру шаралары жүргізілді. Қостанай облыстық мәслихатының мемлекеттік қызметшілері коронавирус пандемиясының алдын алу және онымен күрес қорына жалпы сомасы 68 мың теңге бір күндік еңбекақыларын аудара отырып,  Елбасының «Біз біргеміз» бастамасын қолдады.