Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін дамыту, парламентаризм институтын нығайту – партия Көшбасшысы, Елбасы Н.Ә. Назарбаев және Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев қойған міндеттер. Алайда, бұл процестер барлық деңгейдегі өкілді органдардың кәсібилігін арттырмай мүмкін емес. 2021 жылғы сайлау алғаш рет партиялық тізімдер бойынша өтті. Мәслихаттардың құрамы 65, Мәжілістің құрамы 70 процентке жаңартылды. Бір жағынан, өкілді органдарға әртүрлі кәсіби ортадан шыққан, жаңа тәжірибесі мен жұмысқа көзқарасы бар адамдар келді, бірақ олардың барлығы бірдей қоғамдық-саяси қызмет дағдыларын иемденбеген, өкілді саланың ерекшеліктерімен таныс емес. Барлық «жаңа»  депутаттар бүгінде тәлімгерлік, әдістемелік қолдауды қажет етеді. Бірақ бұл әсіресе жастарға қатысты. Қостанай облысының мәслихаттарында 35 жасқа дейінгі 60 жас депутат бар, олар «Nur Otan» партиясының мүшелері, бұл депутаттардың жалпы санының 13 процентін құрайды.

Жоба жетекшісі, «Nur Otan» партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Е.Смышляеваның айтуынша, бірлескен жұмыстың мақсаты – 2021 жылғы сайлау қорытындылары бойынша партиялық тізімдерге енген жас депутаттар мен резервшілердің кәсіби деңгейін арттыру, халық мүддесі үшін басқарушылық, мониторингтік және заң шығарушылық қызметі шеңберінде өкілді биліктің барлық деңгейлерінің өзара іс-қимылын нығайту, партияішілік тәлімгерлік және тәлімгерлік дәстүрді дамыту болып табылады. Біздің облыс жобаны іске асыру бойынша пилоттық өңір болып табылады, ол депутаттардың бірлескен жұмысқа қатысуы мен тартылуын қоспағанда, ресурстарды талап етпейді. Бірінші кездесу мен жоспарларды талқылау ZOOM алаңында қашықтықтан форматта өтті. Алдағы жұмада виртуалды лекторий жұмысын бастайды, пікір алмасу және жедел мәселелерді шешу үшін алаң ашылған.