«Азаматтық қорғау туралы»  2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының  15-бабы 1- тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қостанай облысының аумағында оларды бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық көзделген төтенше жағдайлар туындаған кезде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, олардың алдын алу және жою жөніндегі қағидалар бекітілсін.
  2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

 

 

Сессия төрағасы  
Мәслихаттың 2020 жылы «___» _______ № ____ шешімімен бектілген

 

 

Қостанай облысының аумағында оларды бұзғаны үшін

әкімшілік жауаптылық көзделген төтенше жағдайлар туындаған кезде

 қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, олардың алдын алу және жою жөніндегі қағидалар

 

 

1 – тарау. Жалпы ережелер

 

  1. Қостанай облысының аумағында оларды бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық көзделген төтенше жағдайлар туындаған кезде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, олардың алдын алу және жою жөніндегі осы қағидалар (әрі қарай – Қағидалар) «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 1-тармағының                       1) тармақшасына сәйкес әзірленді және оларды бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық көзделген төтенше жағдайлар туындаған кезде  қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, олардың алдын алу және жою жөніндегі қамтамасыз етуді ұйымдастыруды айқындайды.
  2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
  • төтенше жағдай – адам шығынына, адамдардың денсаулығына немесе қоршаған ортаға зиян келтіруге, елеулі материалдық нұқсанға және адамдардың тыныс-тіршілігі жағдайларының бұзылуына әкеп соғуы мүмкін немесе әкеп соққан аварияның, өрттің, қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің, қауіпті табиғи құбылыстың, апаттың, дүлей немесе өзге де зілзаланың салдарынан қалыптасқан белгілі бір аумақтағы жағдай;
  • төтенше жағдайлардың алдын алу – күні бұрын жүргізілетін және төтенше жағдайлардың туындау тәуекелін мүмкіндігінше барынша азайтуға, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға, олар туындаған жағдайда материалдық шығындардың мөлшерін азайтуға бағытталған іс-шаралар кешені;
  • төтенше жағдайларды жою – авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу.

 

 

2 – тарау. Төтенше жағдайлардың туындауының алдын алу

 

  1. Төтенше жағдайлардың туындау қаупі төнген кезде мынадай іс-шаралар кешені жүргізіледі:

1) төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі аумақтық комиссияларды және жергілікті атқарушы органдардың азаматтық қорғаудың басқару органдарын жинау жүзеге асырылады, байланыс және құлақтандыру жүйелерінің әзірлігі тексеріледі;

2) азаматтық қорғаудың басқару органдары басшы құрамының тәулік бойы кезекшілігімен кезекші ауысымдардың күшейтілген жұмыс режимі енгізіледі;

3) болжанатын төтенше жағдайлар туралы деректерді жинау, өңдеу және азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштеріне беру, мемлекеттік органдар мен халықты олардан қорғану тәсілдері туралы хабардар ету жүзеге асырылады;

4) қажет болған жағдайда эвакуациялық іс-шаралар жүргізіледі.

 

 

3 – тарау. Төтенше жағдайларды жою

 

  1. Төтенше жағдайды жою кезінде төтенше жағдайды жою басшысы айқындалады, оның шешімімен жедел штаб құрылады және мынадай іс-шаралар кешені жүргізіледі:

1) төтенше жағдайдың аймағы, шекаралары, ауқымы және сыныптамасы айқындалады;

2) азаматтық қорғау күштері мен құралдарының іс-қимылдары жөніндегі іс-шаралардың бүкіл кешенін қамтамасыз ете отырып, төтенше жағдайды жою жөніндегі жұмыс ұйымдастырылады;

3) экономика салалары мен объектілерінің орнықты жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар орындалады;

4) залал ауқымы бағаланады;

5) төтенше жағдайды жою аймағындағы халықты қорғау және олардың тіршілігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жүргізіледі.

 

 

4 – тарау. Қоғамдық тәртіпті сақтауды ұйымдастыру

төтенше жағдайлар туындаған кезде қауіпсіздікті қамтамасыз ету

 

  1. Төтенше жағдай жарияланған кезде полиция органдарының (бұдан әрі – ПБ), азаматтық қорғау органдарының (бұдан әрі – АҚО) барлық жеке құрамы және Ұлттық ұланның (бұдан әрі – ҰҰ) әскери қызметшілері үшін қызмет атқарудың күшейтілген нұсқасы енгізіледі.
  2. Техногендік және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде қоғамдық тәртіпті қорғауды ұйымдастыру және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету олардың мәні мен ауқымына қарай құқық қорғау, арнаулы және басқа да мемлекеттік органдармен тығыз өзара іс-қимыл жасай отырып, тиісінше ПБ және ҰҰ -мен қамтамасыз етіледі.
  3. Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда ПБ, АҚО және ҰҰ құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, мынадай іс-шараларды ұйымдастырады және жүзеге асырады:

1) қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қалпына келтіру және қолдау, құқық бұзушылықтар мен өзге де құқыққа қарсы әрекеттердің алдын алу және олардың жолын кесу болып табылады;

2) халықты қорғау, шығындарды есепке алу, адамдарды құтқару және зардап шеккендерге қажетті көмек көрсету;

3) қараусыз қалған меншікті күзету;

4) полиция қызметкерлерін, әскери нарядтарды, сондай-ақ азаматтық қорғау қызметтерінің көлік құралдарын тасымалдауды жүзеге асыратын көлік құралдарының кедергісіз жүріп өтуіне жәрдем көрсету болып табылады;

5) авариялық-құтқару және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу.

 

 

5 – тарау Әкімшілік ықпал ету шаралары

 

  1. Техногендік және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде қоғамдық және жол қауіпсіздігі саласында әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылады.