Ағымдағы жылғы 19 маусымда Қостанай облысы Әділет департаментінің нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімінің басшысы А.А. Аманжолова «Қостанай облыстық мәслихатының аппараты» ММ қызметкерлері үшін құқықтық жалпы оқыту шеңберінде өңірлік деңгейдегі нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша қолданыстағы заңнаманы түсіндіру бойынша дәріс өткізді.

Күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты дәріс Zoom арқылы байланысты қолдана отырып қашықтықтан нысанында өткізілді.