Ұлы Жеңіс мерекесімен және Отан қорғаушылар күнімен ең ыстық және шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар!

Біз соғысқа қатысушылар мен тыл еңбеккерлерінің теңдессіз ерлігіне, табандылығына, қайсарлығына, қажымас еркі мен өмірлік күшіне бас иеміз! Естен кетпес ерлік туралы қасиетті естелік барша қазақстандықтардың жүрегінде мәңгі сақталады.

Біздің Отанымызды қорғаушылардың қазіргі ұрпағы Ұлы Отан соғысындағы жеңімпаздардың әскери дәстүрлерінің лайықты мұрагерлері және жалғастырушылары болып табылады.

Барша қостанайлықтарға ашық аспан, денсаулық, құт-береке және Отанымыздың гүлденуі жолында табыс тілеймін!

 

Құрметпен,

Қостанай облыстық

мәслихатының хатшысы                                                         С. Ещанов