29 тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты жиналыста облыстың қалалары мен ауылдарының дамуына демеушілік қаражат салған танымал қостанайлықтар «Жомарт жүрек» арнайы сыйлығымен марапатталды.

Бұл марапатқа «Алюминстрой» ЖШС бас директоры Мұқанов Абай Құспанұлы да ие болды. Сыйлықты Қостанай облысының әкімі А.Мұхамбетов табыс етті

Абай Құспанұлы Арқалықтың дамуына үлкен үлес қосып келеді. Оның есімі жол жөндеуімен, қираған тұрғын үйлерді қалпына келтірумен, балабақшаны жөндеумен және басқа да көптеген игі істермен байланысты.

Мұқанов А.Қ. қала мен облыстың өміріне белсенді қатысады, Қостанай облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі болып сайланды.

Абай Құспанұлын жоғары наградасымен, қоғамдық еңбегін мойындауымен құттықтаймыз және алдағы уақытта да сәттілік тілейміз!