Қостанай облыстық мәслихатының кезекті сессиясында «Қостанай облысында мемлекеттік қызметтер саласында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру туралы» мәселе қаралды.

Денсаулық сақтау саласындағы бағдарламаның орындалуы туралы ақпарат депутаттардың ерекше қызығушылығын тудырды.  Қостанай қаласының №4 емханасының және Қостанай облыстық ауруханасының мысалында кешенді медициналық ақпараттық жүйені енгізу, құрылымдық бөлімшелерге тексеруге жолдама беру арқылы емдеу мекемесіне жүгінген кезде пациенттің уақытын үнемдеуге мүмкіндік беретін және медицина қызметкерлерінің еңбегін едәуір жеңілдететін Денсаулық сақтау саласындағы цифрландырудың артықшылықтары туралы баяндалды. Сонымен қатар, Қостанай облыстық ауруханасының компьютерлік паркті жаңартуға қажеттілігі атап өтілді, ұйымдастыру техникасын жаңартуға қосымша бюджет қаражаты қажет.

Сессиядағы өзекті мәселе – медициналық қызметтердің сапасы туралы – Қостанай облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі С. М. Жалыбин көтерді. Ол көбінесе, денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық-техникалық жабдықталуын айта отырып, біз адам факторын алып тастаймыз, бүгінгі күні медицина қызметкерлерінде сырқаттарға жанашырлық, сезімталдық аз және ешқандай аппаратура  жақсы сөзді ауыстырмайды деп атап өтті.  Белгілі болғандай, сөз емдейді.