Мамырдың тамаша күндерінде осы мерекеге тікелей қатысы бар, біз басымызды иетін, бейбіт аспан үшін алғыс айтуымыз қажет Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен ардагерлерін құрметтеу жақсы дәстүрге айналды.

Ағымдағы жылы да, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің 75 жылдығы қарсаңында Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы            С.Е. Ещанов 2020 жылғы 5 мамырда Ұлы Отан соғысының ардагері, бұрынғы десантшы, орден иегері, мұғалім және журналист Қасымхан Алдабергенұлы Алдабергеновтің үйіне барып шықты.

Денсаулық, ұзақ өмір және бейбіт аспан тілей отырып, ардагерге гүл шоғы мен ақшалай конверт табыс етті.