
Ещанов Сайлаубек Ерғазұлы
Ещанов Сайлаубек Ерғазұлы, 1958 жылы 16 наурызда Қостанай облысы Науырзым ауданының Дәмді а. туды.
1976 жылы Дәмді орта мектебін бітіріп, Қостанай педагогикалық институтының физика-техникалық факультетіне түсті, оны 1981 жылы бітірді.
1981-1992 жылдары аралығында Дәмді, Мичурин, Докучаев орта мектептерінде мұғалім болып жұмыс істеді. 1992 – 1993 жылдары аралығында Науырзым аудандық білім бөлімінің еңбекке баулу жөніндегі инспекторы болды. 1993 – 1994 жылдары аралығында – Науырзым коммуналдық кәсіпорындар комбинатының инженер-экспедиторы, 1994 – 1999 жылдары аралығында – «Биотехнология» фирмасының менеджері болып істеді. 1999 жылдың шілдесінен бастап 2001 жылдың қаңтарын қоса алғанға дейін – ҚР Бас прокуратурасы «Ақпарат» РМК ЕМК директоры.
2001 жылғы 25 қаңтардан бастап «Сосновый бор» санаторийі» ААҚ бас директоры болып тағайындалды. 2003 – 2012 жылдар аралығында – «Сосновый бор» санаторийі» ЖШС бас директоры.
Үйленген, үш баласы, немерелері бар.
Бірнеше рет Қостанай облыстық мәслихатының үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы шақырылымының депутаты болып сайланды. 2012 жылдан бастап бесінші және алтыншы шақырылымдарында Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы болып сайланды, онда қазіргі уақытқа дейін жұмыс істейді.
Көптеген сіңірген еңбегі үшін «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен, Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен, Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясының «Кәсіподақтарға сіңірген еңбегі үшін» белгісімен, «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл», «Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл» мерекелік медальдарымен, ордені медалімен «Доблести», «Ауғанстандағы әскери іс-қимылдардың аяқталғанына 25 жыл естелігі» медалімен, «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» медалімен, «ҰОС қатысушылар мен мүгедектердің, еңбек ардагерлерінің «Ата» медалімен, «Қазақстан қаржы полициясына 20 жыл» медалімен наградталған