Мәслихаттың 2019 жылғы 18 желтоқсандағы № 454 «Қостанай облысының 2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Жарлығына, 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 106, 108-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттік басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қостанай облыстық мәслихатының «Қостанай облысының 2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» 2019 жылғы 18 желтоқсандағы № 454 шешіміне (2019 жылғы 20 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде      № 8827 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Қостанай облысының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2020 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 243 997 613,5 мың теңге, оның iшiнде:

салықтық түсімдер бойынша – 6 198 579,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша – 769 128,0 мың теңге;

негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша – 25 132,0 мың теңге;

трансферттер түсімі бойынша  – 237 004 774,5 мың теңге;

2) шығындар – 299 343 225,1 мың теңге;

3) таза бюджеттiк кредиттеу – 5 150 561,7 мың теңге, оның iшiнде:

бюджеттік кредиттер – 15 265 048,0 мың теңге;

бюджеттiк кредиттердi өтеу – 10 114 486,3 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо –  40 208,0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – – 60 536 381,3 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 60 536 381,3 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

пр 1_kz