2021 жылғы 19 қаңтарда Қостанай қаласында Б.А. Тибеевтің төрағалығымен Қостанай облыстық мәслихатының бюджет, экономиканы дамыту, жергілікті басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының және Қостанай облысының Қоғамдық кеңесінің бірлескен отырысы өтті. Отырыстың күн тәртібінің мәселесі: «Қостанай облысының 2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджетін нақтылау туралы». Комиссия отырысы қашықтықтан режимінде өтті. Отырыс жұмысына облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық Қоғамдық кеңестің мүшелері, облыстық басқармалардың өкілдері қатысты.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша негізгі баяндамашы ретінде Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы  Г. Мұсағазина сөз сөйледі. Басқарма басшысы өз баяндамасында ағымдағы жылдың басында пайда болған бос қалдықтың бөлінуі туралы егжей-тегжейлі баяндады. Барлық сұрақтарға тиісті түсініктемелер алынды.

Отырыс барысында құқық бұзушылықтардың алдын алу, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші органдарындағы өзгерістерге, өңірлік көркемдік кеңестің дербес құрамын бекітуге және «Nur Otan» партиясының депутаттық фракциясы түріндегі депутаттық бірлестікті тіркеуге байланысты мәселелер қаралды.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша қаралған мәселелер облыстық мәслихат сессиясының қарауына және бекітуіне енгізілді.