Ағымдағы жылдың 19 қыркүйегінде облыстың тәлімгерлер кеңесінің бірінші отырысы өтті. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің бұл пилоттық және әзірше Республикадағы жалғыз жобасы. Жобаның негізгі мақсаты-қызметкерлердің қызметтік міндеттерін өз бетінше орындауға бейімделуі мен кәсіби дайындығы. Тәлімгерлер рөлінде Мемлекеттік қызмет ардагерлері Укин К. Ү., Дауенов М. Ю., Виишниченко В. Г., Харяков Ю. А. және басқалар.  Сондай-ақ облыстың тәлімгерлер кеңесінің құрамына Қостанай облысы Қоғамдық кеңесінің мүшелері С. М. Жалыбин, А. М. Дуанбаева, В. Б. Якимов кірді.

Тәлімгерлер кеңесінің жұмысына ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының проректоры Е. Ш. Дусипов қатысты.