Қостанай облысы Қоғамдық кеңесінің 2019 жылғы 22 ақпандағы  отырысының хаттамасына сәйкес қоғамдық тыңдаудың келесі тақырыптары анықталды:

  1. Дружба к. тұрғындарының кейбір мәселелері және оларды шешу жолдары туралы (2019 ж. тамызда қоғамдық тыңдаулар өткізу жоспарлануда).
  2. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың халыққа коммуналдық қызмет тарифтерін төмендету туралы  тапсырмаларын орындау туралы  (Қоғамдық тыңдауларды өткізу 2019 жылдың қыркүйегінде жоспарланып отыр).
  3. А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, Ө. Сұлтанғазин атындағы КМПУ, З. Алдамжар атындағы ҚӘТУ басшылығының Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың студенттерді жатақханалармен қамтамасыз ету туралы тапсырмаларын орындау туралы  (Қоғамдық тыңдауларды өткізу 2019 жылдың қазан айында жоспарланып отыр).
  4. Ауылдық шағын жинақты мектептерде білім беру қызметтерін ұсыну мәселелері және шешу жолдары туралы (2019 ж. қараша айында қоғамдық тыңдаулар өткізу жоспарлануда).
  5. Қостанай облыстық мәслихатының «Қостанай облысының 2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешімінің жобасы туралы (қоғамдық тыңдауларды өткізу 2019 жылдың желтоқсанында жоспарлануда).
  6. Қостанай облысының 2019-2021 жылға арналған облыстық бюджетін нақтылау туралы (қоғамдық тыңдаулар қажеттілігіне қарай барлық кезең ішінде өткізіледі)

Қоғамдық тыңдауларға енгізілетін нормативтік құқықтық актілердің барлық мәтіндері ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылады https://legalacts.egov.kz ашық кіру.

Қоғамдық тыңдауларды өткізу уақыты мен орны туралы мәліметтер қосымша орналастырылатын болады.