29 мамыр күні балалар шығармашылық мектебінде «Мемлекеттік сатып алулар: жаңалықтар, ашықтық, бақылау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті. Қатысушылар: жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері, облыстың қоғамдық кеңесінің, бизнес-құрылымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері. Дөңгелек үстел жұмысына Қостанай облысы әкімінің орынбасары Е. М. Спанов қатысты.

Отырысты аша отырып, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы С. С. Мұқсімов Президенттің 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында 2018 жылғы 26 желтоқсанда Мемлекет басшысы мемлекеттік сатып алу және квазигоссекторды сатып алу мәселелері бойынша заңға қол қойылғанын атап өтті. Заң 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді. Сондай-ақ, заң жаңалықтарына, Мемлекеттік сатып алуды жеңілдететін түзетулерге, біліктілігін арттыруға, отандық өндірушілерді қолдау жөніндегі нормаларға, заң бұзушылықтарға жол бермеу жөніндегі алдын алу шараларына тоқталды. Дөңгелек үстел аясында үш секцияның жұмысы ұйымдастырылды: «Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың новеллалары», «Мемлекеттік сатып алулар: бұзушылықтарды бақылау және алдын алу», «Бизнес және мемлекеттік құрылымдар». Спикерлер – Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы О. Е. Кочкурова, Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы Д. А. Костюков, «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының өкілі А.А. Түлкебаев, «Сенерджи» ҚҚ директоры Р.В. Бровченко және басқалары өз баяндамаларының тақырыбын кәсіби түрде ашып көрсетті. Соңында пікір алмасулар болды.

Дөңгелек үстел жұмысына облыстың қоғамдық кеңесінің төрағасы А. Ж. Тұрсынов қатысып сөз сөйледі, ол қоғамдық бақылаудың маңыздылығын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне «мүлдем төзбеушілік» атмосферасын құру арқылы барлық қоғамды қатыстырудың маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар дөңгелек үстел жұмысына облыстың қоғамдық кеңесінің мүшелері А. М. Дуанбаева, Т. Н. Искандирова, Ж.С. Калисов  қатысты.