Ағымдағы жылдың 11 ақпанында Қостанай облысының жаңадан сайланған Қоғамдық кеңесінің ұйымдастыру отырысы өтті.

Отырысты Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы Ещанов С. Е. ашты.

С. Е. Ещановтың ұсынысы бойынша бірауыздан Қостанай облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы болып А. Ж. Тұрсынов сайланды.

Сондай – ақ отырыста Қоғамдық кеңестің хатшысы болып А. М. Дуанбаева, комиссия төрағалары болып сайланды: бюджет мәселелері бойынша – С. М. Жалыбин; әлеуметтік мәселелер бойынша – Т. Н. Искандирова.

Қоғамдық кеңестің төралқасына: Ещанов С. Е., Тұрсынов А. Ж., Дуанбаева А. М., Жалыбин С. М., Искандирова Т. Н. сайланды.