2019 жылы 14 мамырда Қостанай облысы Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Күн тәртібінде «­Өткен кезеңдегі жұмыс қорытындылары және 2019 жылға арналған жұмыс жоспарын іске асыру туралы» мәселе қаралды.

Отырыс жұмысына Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы С. Ещанов қатысты.

Отырыс Қоғамдық кеңестің төрағасы А. Ж. Тұрсыновтың басшылығымен өтті.

Қоғамдық кеңестің хатшысы А. М. Дуанбаева ақпарат берді, ол а.ж. 11 ақпанында Қоғамдық кеңестің ұйымдастыру отырысы өткізілген күннен бастап белгілі бір жұмыс жүргізілгенін атап өтті. Қоғамдық кеңестің 2019 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді. Оның жобасы 11 ақпанда ұйымдастырылған отырыста қаралып, содан кейін ол Кеңес мүшелеріне ұсыныстар мен ескертулерді енгізу үшін электрондық пошта арқылы жіберілді. Ұсыныс В.В. Хадановичтан  келіп түсті, оның барлық ұсыныстары Төралқа отырысында талқыланып, қараша айына арналған «ауылдық шағын жинақты мектептерде білім беру қызметін ұсыну мәселелері және шешу жолдары туралы» мәселені жұмыс жоспарына енгізу туралы шешім қабылданды.

Төрт қоғамдық тыңдау, Төралқаның 10 отырысы өткізілді, 30-дан астам нормативтік-құқықтық актілер қаралды. Кеңес мүшелері міндетті түрде облыстық мәслихаттың бюджет, өнеркәсіпті, шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырыстарына шақырылады. Қоғамдық кеңестің мәжілістері қалыптасқан тәжірибе бойынша облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясымен бірлесіп өтеді.

Қоғамдық кеңес төралқасының мүшелері облыстық мәслихат сессияларының жұмысына қатысады.

Қоғамдық кеңес мүшелері Жалыбин С. М., Искандирова Т. Н., Өтебаева Д. К. және басқалар мерзімді баспасөзде үнемі сөз сөйлейді.

Қоғамдық кеңес мүшелері Алимбаев А. А., Көшкімбаева З.С., Искандирова Т. Н. облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған дөңгелек үстел жұмысына комиссия хатшысы А. М. Дуанбаева қатысты.

Қостанай қаласы бойынша биыл қоғамдық тыңдауларда қарауға екі мәселе жоспарланған.  Сондықтан өзара іс-қимылды күшейту және жұмысты жандандыру мақсатында облыстық Қоғамдық кеңес пен Қостанай қаласының қоғамдық кеңесі арасында өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды.

Сонымен қатар, Қоғамдық кеңестің әрбір мүшесі өз кәсіпорындары мен ұйымдарында үлкен жұмыс жүргізіп, өңірдің қоғамдық өміріне қатысады. «БК-СТРОЙ «ЖШС директоры И. Р. Ким «Бақытты отбасы «акциясы аясында көп балалы аз қамтылған отбасылар үшін 4 бөлмелі пәтер және 2 үй сатып алды.  «Алюминстрой» ЖШС басшысы А. К. Мұқанов көп жылдардан бері облыстық Меценаттар Клубының мүшесі болып табылады және осы жылы ол талантты қостанайлықтарды қолдауға белсене қатысты. Бүгін еңбек ұжымдарында 2019 жылғы 9 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын ұйымдастыру бойынша белсенді жұмыс басталды.

Заңмен белгіленген мерзімде тиісті ақпараттар мен есептер беріледі.

Осы жылға арналған үлкен жоспарлар қоғамдық кеңеспен белгіленген. Тек қоғамдық тыңдауларда 6 мәселені қарау керек. Сондықтан мәселені тереңірек дайындау мақсатында жұмыс тобын жоспарланған әрбір мәселені дайындауға бекіту қажет.

Мәселені талқылауға Печерица Н.И.,  Ким И.Р., Жұтаев М.С., Жалыбин С.М. қатысты.

Қоғамдық кеңеске қатысушылар алдында облыстық мәслихаттың хатшысы С. Е. Ещанов сөз сөйледі.

Қоғамдық кеңес ШЕШТІ:

  1. Қоғамдық кеңестің жұмысын жандандыру, қоғамдық пікірге мониторинг жүргізу, мәселелерді дайындау кезінде сарапшыларды тарту.
  2. Қоғамдық тыңдауда жоспарланған мәселелерді дайындауға бекіту, Қоғамдық кеңестің мүшелерін тыңдау.