А. ж. 11 ақпанында Қоғамдық кеңес президиумының отырысы өтті.

Күн тәртібіне келесі сұрақтар енгізілді:

  1. Мәслихаттың 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 347 «Қостанай облысының 2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Қостанай облыстық мәслихаты шешімінің жобасы туралы.
  2. Қостанай облысы әкімдігінің 2016 жылғы 12 мамырдағы № 225 «Сәулет-қала құрылысы қызметі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы.
  3. «Жалғыз тұрғын үйі авариялық жағдайда деп танылған азаматтарға анықтама беру» «Мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы» Қостанай облысы әкімдігінің қаулы жобасы туралы.

Төралқа шешім қабылдады: Қостанай облыстық мәслихатының 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 347 «Қостанай облысының 2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі Қоғамдық кеңестің қарауына енгізілсін.  Қарау күні туралы қосымша хабарланатын болады.

Күн тәртібінің екінші және үшінші мәселесі бойынша қаулы жобаларын Қоғамдық кеңестің қарауына енгізбестен қалдыру шешілді.