Бүгін Қостанай облысының Қоғамдық кеңесі мен Қостанай қаласының Қоғамдық кеңесі арасында қоғамдық маңызды мәселелерді шешуде өзара іс-қимыл жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Меморандумға Қостанай облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы А. Ж. Тұрсынов және Қостанай қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы О. О. Жақсанов қол қойды.

Меморандум қоғамның араласуын талап ететін жағдайлар туралы тараптарды жүйелі түрде хабардар етуді, азаматтық сектормен өзара іс-қимылды нығайту жөніндегі Қоғамдық кеңестердің күш-жігерін біріктіруді, өзекті, қоғамдық маңызы бар мәселелерді тиімді шешу үшін жергілікті атқарушы органдармен тығыз әріптестік қатынастарды жолға қоюды көздейді.