Жоба

Қостанай облыстық мәслихатының

№ ____ шешімі

(алтыншы шақырылымның кезектен тіс сессиясы)

Қостанай қаласы                                                         2019 жылғы __ ________

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 106, 108-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттік басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қостанай облыстық мәслихатының «Қостанай облысының 2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 347 шешіміне (2018 жылғы 24 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған,Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8166 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Қостанай облысының 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2019 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 213 599 821,5 мың теңге, оның iшiнде:

салықтық түсімдер бойынша – 5 018 166,3 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша – 1 161 116,4 мың теңге;

негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша – 7 130,0 мың теңге;

трансферттер түсімі бойынша  – 207 413 408,8 мың теңге;

2) шығындар – 213 818 451,7 мың теңге;

3) таза бюджеттiк кредиттеу – 3 383 683,6 мың теңге, оның iшiнде:

бюджеттік кредиттер – 10 512 466,0 мың теңге;

бюджеттiк кредиттердi өтеу – 7 128 782,4 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо –  2 000 000,0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – – 5 602 313,8 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –              5 602 313,8 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 1, 2 және 3-қосымшалары осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Сессия төрағасы,                                                     

Қостанай облыстық

мәслихатының хатшысы                                                                                                                                                      С. Ещанов

приложение каз яз