2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 106, 108-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттік басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- «Қостанай облысының 2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» Қостанай облыстық мәслихатының 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 347 шешіміне (2018 жылғы 24 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8166 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Қостанай облысының 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2019 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 213 826 208,3 мың теңге, оның iшiнде:
салықтық түсімдер бойынша – 6 580 119,9 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша – 1 549 940,1 мың теңге;
негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша – 12 430,0 мың теңге;
трансферттер түсімі бойынша – 205 683 718,3 мың теңге;
2) шығындар – 216 038 974,8 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу – 6 993 680,2 мың теңге, оның iшiнде:
бюджеттік кредиттер – 13 479 598,9 мың теңге;
бюджеттiк кредиттердi өтеу – 6 485 918,7 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – – 9 206 446,7 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 9 206 446,7 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 1, 2 және 3-қосымшалары осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Осы шешім 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.