2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 106, 108-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттік басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Қостанай облыстық мәслихатының «Қостанай облысының 2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» 2019 жылғы 18 желтоқсандағы № 454 шешіміне (2019 жылғы 20 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8827 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Қостанай облысының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2020 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 244 667 947,5 мың теңге, оның iшiнде:
салықтық түсімдер бойынша – 6 198 579,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша – 1 269 128,0 мың теңге;
негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша – 25 132,0 мың теңге;
трансферттер түсімі бойынша – 237 175 108,5 мың теңге;
2) шығындар – 246 062 751,7 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу – 5 150 562,0 мың теңге, оның iшiнде:
бюджеттік кредиттер – 15 265 048,0 мың теңге;
бюджеттiк кредиттердi өтеу – 10 114 486,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 40 208,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – – 6 585 574,2 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 6 585 574,2 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 1, 2 және 3-қосымшалары осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Осы шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.