2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 106, 108-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттік басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қостанай облыстық мәслихатының «Қостанай облысының 2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» 2019 жылғы 18 желтоқсандағы № 454 шешіміне (2019 жылғы 20 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде      № 8827 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Қостанай облысының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2020 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 262 794 740,1 мың теңге, оның iшiнде:

салықтық түсімдер бойынша – 6 198 579,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша – 779 616,6 мың теңге;

негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша – 25 132,0 мың теңге;

трансферттер түсімі бойынша  – 255 791 412,5 мың теңге;

2) шығындар – 269 809 390,5 мың теңге;

3) таза бюджеттiк кредиттеу – 32 406 125,8 мың теңге, оның iшiнде:

бюджеттік кредиттер – 43 412 356,6 мың теңге;

бюджеттiк кредиттердi өтеу – 11 006 230,8 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 1 623 753,0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – – 41 044 529,2 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 41 044 529,2  мың теңге.»;

12-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«2020 жылғы 31 желтоқсанға Қостанай облысының жергілікті атқарушы органының борыш лимиті 84 411 077,4 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.»;

көрсетілген шешімнің 1, 2 және 3-қосымшалары осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

пр 1_kz

пр 2_kz

пр 3_kz