2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 106, 108-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттік басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қостанай облыстық мәслихатының «Қостанай облысының 2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» 2019 жылғы 18 желтоқсандағы № 454 шешіміне (2019 жылғы 20 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8827 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Қостанай облысының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2020 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 243 627 281,0 мың теңге, оның iшiнде:

салықтық түсімдер бойынша – 6 348 579,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша – 769 128,0 мың теңге;

негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша – 25 132,0 мың теңге;

трансферттер түсімі бойынша  – 236 484 442,0 мың теңге;

2) шығындар – 242 801 025,0 мың теңге;

3) таза бюджеттiк кредиттеу – 5 150 562,0 мың теңге, оның iшiнде:

бюджеттік кредиттер – 15 265 048,0 мың теңге;

бюджеттiк кредиттердi өтеу – 10 114 486,0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо –  0,0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – – 4 324 306,0 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –              4 324 306,0 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 1, 2 және 3-қосымшалары осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Сессия төрағасы,                                                     

Қостанай облыстық

мәслихатының хатшысы                                                  С. Ещанов

 

пр 1_kz

пр 2_kz

пр 3_kz