2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 106, 108-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттік басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Қостанай облыстық мәслихатының «Қостанай облысының 2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 570 шешіміне (2020 жылғы 23 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9650 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Қостанай облысының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2021 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 320 014 923,1 мың теңге, оның iшiнде:
салықтық түсімдер бойынша – 3 173 480,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша – 2 018 643,5 мың теңге;
негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша – 36 050,0 мың теңге;
трансферттер түсімі бойынша – 314 786 749,6 мың теңге;
2) шығындар – 332 276 392,0 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу – 12 975 213,6 мың теңге, оның iшiнде:
бюджеттік кредиттер – 14 577 364,0 мың теңге;
бюджеттiк кредиттердi өтеу – 1 602 150,4 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 285 343,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – – 25 522 025,5 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 25 522 025,5 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 1,2 және 3-қосымшалары осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.