Бүгін облыс әкімі Архимед Бегежанұлы Мұхамбетов бейнеконференция байланысы режимінде облыстың Қоғамдық кеңесінің алдында облыстың 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары бойынша есеп берді.

Өз сөзінде А. Мұхамбетов облыстың негізгі даму салалары туралы хабардар етті: өнеркәсіп өндірісі, өңдеу саласы, ауыл шаруашылығы, құрылыс жұмыстары мен тұрғын үйді іске қосудағы барлық макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша өсімді атап өтті.

Ол коронавирустық пандемиямен байланысты жағдай туралы егжей-тегжейлі хабардар етті, қиындықтарға қарамастан жағдайдың тұрақты болып қала беретіндігін атап өтті.

Ағымдағы жылғы маңызды міндеттердің ішінде облыс әкімі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру, денсаулық сақтау және білім беру жүйесінің сапасын арттыру, жаңа инвестициялар тарту және облыс экономикасын дамытудың тұрақты динамикасын қамтамасыз ету, шағын және орта бизнесті жандандыру бойынша әлеуметтік міндеттемелердің орындалуын атап көрсетті.

Негізгі күш-жігер жұмыс орындарын сақтауға, өзін-өзі жұмыспен қамтуды ынталандыруға және осал топтарды қолдауға бағытталатынын айрықша атады.