2019 жылғы 11 ақпанда Қостанай облысы Қоғамдық кеңесінің жаңа құрамының отырысы өтті.  Оның құрамына Қазақстанның екі Еңбек Ері – Сайран Бұқанов пен Борис Князев, облыстық ардагерлер ұйымының төрағасы , Қостанай облысының Құрметті азаматы Кенжебек Укин, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Игорь Ким, сондай – ақ үкіметтік емес сектордың өкілдері, саяси партиялардың облыстық филиалдарының көшбасшылары, кәсіподақ белсенділері, мемлекеттік қызметтің ардагерлері, ғалымдар-барлығы 25 адам, оның ішінде 8 әйел кірді.  Кеңес төрағасы болып мемлекеттік қызмет ардагері, ҚР Парламенті Мәжілісінің экс-депутаты Азамат Тұрсынов сайланды.

Қоғамдық кеңес өз жұмысын 2019 жылға бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес жүргізеді.

Осы кезеңде Қоғамдық кеңестің 2 отырысы, 3 қоғамдық тыңдау, Төралқаның 12 отырысы өткізілді. 45 нормативтік-құқықтық акт қаралды, оның 4-уі қоғамдық тыңдаудың күн тәртібіне енгізілді.

Қалыптасқан дәстүр бойынша, бюджетке өзгерістер енгізу, бюджеттің атқарылуы туралы есепті облыстың қоғамдық кеңесі облыстық мәслихаттың бюджет, өнеркәсіп, шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясымен бірлесіп жүргізеді. Қоғамдық кеңес төралқасының мүшелері міндетті түрде облыстық мәслихат сессияларының жұмысына қатысады, сессиялардың, облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырыстарына мәселелерді дайындау жөніндегі жұмысқа тартылады.

Сәуір айында облыстың қоғамдық кеңесі Қостанай қаласының қоғамдық кеңесімен өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Кеңес мүшелері Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық филиалымен, мемлекеттік органдармен тығыз қарым-қатынаста.

Өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында 6 материал жарияланды.  Облыстық мәслихаттың интернет-ресурсы белсенді қолданылады, онда үнемі хабарландырулар, жаңалықтар материалдары орналастырылады.

Облыстық Қоғамдық кеңес мүшелері өз еңбек ұжымдарында белсенді жұмыс жүргізіп, өңірдің қоғамдық өміріне қатысады. Игорь Ким «Бақытты отбасы» акциясы аясында көп балалы отбасыларға 4 бөлмелі пәтер және екі үй сатып алды. Абай Мұқанов көп жылдар бойы облыстық Меценаттар Клубының мүшесі бола отырып, биылғы жылы талантты қостанайлықтарды қолдауға елеулі үлес қосты.  Динара Өтебаева, «Аманат» азаматтық тұғырнамасының облыстық үйлестірушісі ретінде, 9 маусымда өткен Қазақстан Республикасы Президенті сайлауының ашықтығын қамтамасыз ету бойынша үлкен жұмыс жүргізді.

Екінші жарты жылдықта қоғамдық тыңдауларда жоспарланған 5 мәселені қарау керек, Нормативтік-құқықтық актілерді қарау бойынша жұмыстар жалғастырылады.