Жоба

Қостанай облыстық мәслихатының

№ ____ шешімі

(алтыншы шақырылымның кезектен тыс сессиясы)

 

Қостанай қаласы                                                                           2019 жылғы __ ________

Мәслихаттың 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 347 «Қостанай облысының 2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 106, 108-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттік басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Қостанай облысының 2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» Қостанай облыстық мәслихатының 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 347 шешіміне (2018 жылғы 24 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8166 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Қостанай облысының 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2019 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 212 533 188,9 мың теңге, оның iшiнде:

салықтық түсімдер бойынша – 6 186 856,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша – 650 857,1  мың теңге;

негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша – 12 430,0 мың теңге;

трансферттер түсімі бойынша  – 205 683 045,8 мың теңге;

2) шығындар – 214 745 955,4 мың теңге;

3) таза бюджеттiк кредиттеу – 8 888 315,0 мың теңге, оның iшiнде:

бюджеттік кредиттер – 15 373 813,0 мың теңге;

бюджеттiк кредиттердi өтеу – 6 485 498,0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо –  0,0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – – 11 101 081,5 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –  11 101 081,5 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 1, 2 және 3-қосымшалары осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

приложение каз яз