Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1191 Қаулысымен бекітілген қоғамдық кеңестерді ұйымдастыру және өткізу тәртібіне үлгілік талаптарының негізінде Қостанай облыстық мәслихатының «Мәслихаттың 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 347 «Қостанай облысының 2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің жобасын қарау және қоғамдық кеңестің тақырыбына енгізу үшін бағыттаймыз.
Жоба
Қостанай облыстық мәслихатының
№ ____ шешімі
(алтыншы шақырылымның кезекті сессиясы)
Қостанай қаласы 2019 жылғы __ ________
Мәслихаттың 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 347 «Қостанай облысының 2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 106, 108-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттік басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- «Қостанай облысының 2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» Қостанай облыстық мәслихатының 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 347 шешіміне (2018 жылғы 24 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8166 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Қостанай облысының 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2019 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 195 103 856,7 мың теңге, оның iшiнде:
салықтық түсімдер бойынша – 5 586 856,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша – 837 103,8 мың теңге;
негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша – 12 430,0 мың теңге;
трансферттер түсімі бойынша – 188 667 466,9 мың теңге;
2) шығындар – 197 316 623,2 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу – 9 888 315,0 мың теңге, оның iшiнде:
бюджеттік кредиттер – 16 373 813,0 мың теңге;
бюджеттiк кредиттердi өтеу – 6 485 498,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – – 12 101 081,5 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 12 101 081,5 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 1, 2 және 3-қосымшалары осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Осы шешім 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.