Қостанай облысының Қоғамдық кеңесі отырысының 2020 жылғы 8 қаңтардағы хаттамасына сәйкес 2020 жылғы бірінші жартыжылдыққа арналған қоғамдық тыңдаулар мәселелерінің келесі тақырыптары мен тізбесі айқындалды:
- Қостанай облысының әкімі А.Б. Мұхамбетовтің «Қостанай облысының 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2020 жылға арналған міндеттері туралы» есебі туралы (қоғамдық тыңдауларды 2020 жылғы 10 ақпанда өткізу жоспарланып отыр).
- «Мәслихаттың 2019 жылғы 18 желтоқсандағы № 454 «Қостанай облысының 2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер (толықтырулар) енгізу туралы» нормативтік құқықтық актісінің жобасын қарау (қоғамдық тыңдауларды өткізу нақтылауды енгізу шамасына қарай).
- Облыстық бюджеттің атқарылуы туралы (қоғамдық тыңдауларды 2020 жылғы мамырда өткізу жоспарланып отыр).
- Қостанай облысының аумағын дамыту бағдарламасының іске асырылуы туралы (қоғамдық тыңдауларды 2020 жылғы желтоқсанда өткізу жоспарланып отыр).
- 2021 жылға арналған облыстық бюджет туралы (қоғамдық тыңдауларды 2020 жылғы желтоқсанда өткізу жоспарланып отыр).
- Нормативтік құқықтық актілерінің жобалары енгізу шамасына қарай қаралады.
Қоғамдық тыңдауларға енгізілетін барлық нормативтік құқықтық актілердің мәтіндері ашық қолжетімділіктегі ашық нормативтік құқықтық актілерінің https://legalacts.egov.kz интернет-порталында орналастырылады (жарияланады).
Мүдделі жұртшылықтың ескертпелері және (немесе) ұсыныстары кері мекенжайы көрсетіле отырып oblsov2016@yandex.ru электрондық мекенжайында қабылданады.
Қоғамдық тыңдаулардың өткізілетін уақыты мен орны туралы мәлімет қосымша орналастырылатын болады.