Қостанай облысының Қоғамдық кеңесі отырысының 2021 жылғы 11 қаңтардағы хаттамасына сәйкес 2021 жылға арналған қоғамдық тыңдаулардың келесі тақырыптары мен мәселелер тізбесі анықталды:
- Қостанай облысындағы туақыттың ауысуы туралы.
- Қостанай облысының әкімі А.Б. Мұхамбетовтің «Қостанай облысының 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2021 жылға арналған міндеттер туралы» есебі туралы (қоғамдық тыңдауларды өткізу 2021 жылғы 17 ақпанға жоспарланып отыр).
- «Мәслихаттың 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 570 «Қостанай облысының 2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер (толықтырулар) енгізу туралы» нормативтік құқықтық актінің жобасын қарау (қоғамдық тыңдауларды нақтылаулардың енгізілуіне қарай өткізу).
- Облыстық бюджеттің атқарылуы туралы (қоғамдық тыңдауларды өткізу 2021 жылдың екінші тоқсанына жоспарланып отыр).
- 2022 жылға арналған облыстық бюджет туралы (қоғамдық тыңдауларды өткізу 2021 жылғы желтоқсанға жоспарланып отыр).
- Нормативтік құқықтық актілердің жобалары енгізілуіне қарай қаралады.
Қоғамдық тыңдауларға енгізілетін нормативтік құқықтық актілер жобаларының барлық мәтіндері ашық нормативтік құқықтық актілердің ашық қолжетімділіктегі https://legalacts.egov.kz интернет-порталында орналастырылады (жарияланады).
Мүдделі жұртшылықтың ескертпелері және (немесе) ұсыныстары кері байланысы көрсетіле отырып 575601@mail.ru электрондық мекенжайында қабылданады.
Қоғамдық тыңдауларды өткізу уақыты мен орны туралы мәліметтер қосымша орналастырылатын болады.