«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттік басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы                                    24 маусымдағы № 29 «Қостанай облысының Таран ауданын қайта атау туралы» Жарлығына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қостанай облыстық мәслихатының «Қостанай облысының облыстық бюджеті мен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттері арасындағы 2017-2019 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы» 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 100 (2016 жылғы 29 желтоқсанда «Әділет»ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6749 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 2-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында:

«Таран» сөзін «Бейімбет Майлин ауданына» деген сөздерге ауыстырылсын;

көрсетілген қаулының 1, 2-тармақтарындағы «Таран ауданы» деген сөз тіркесін «Бейімбет Майлин ауданы» деген сөз тіркестеріне ауыстырылсын.

2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.Прилож каз