2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 106, 108-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттік басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 29 «Қостанай облысының Таран ауданын қайта атау туралы» Жарлығына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Қостанай облыстық мәслихатының «Қостанай облысының 2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 347 шешіміне (2018 жылғы 24 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8166 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, Қостанай облысының 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті бекітілсін, оның ішінде 2019 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
- кірістер – 213 826 208,3 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша – 6 580 119,9 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша – 1 549 940,1 мың теңге;
негізгі капиталға сатудан түсетін түсімдер бойынша – 12 430,0 мың теңге;
трансферттер түсімі бойынша – 205 683 718,3 мың теңге;
- шығындар –216 038 974,8 мың теңге;
- таза бюджеттік кредитттеу – 6 993 680,2 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 13 479 598,9 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 6 485 918,7 мың теңге;
- қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо – 0,0 мың теңге;
- бюджет дефициті (профицит) – -9 206 446,7 мың теңге;
- бюджет дефицитін (профицитін пайдалану) қаржыландыру – 9 206 446,7 мың теңге.
3-тармақта «Таран ауданының» сөздері «Бейімбет Майлин ауданының» сөздерімен ауыстырылсын;
көрсетілген шешімнің 1, 2, 3-қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Осы шешім 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы А. Дощанова
Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы С. Ещанов