Қоғамдық кеңес өз жұмысын 2019 жылға бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес жүргізеді.

Осы кезеңде 11 қоғамдық тыңдау, төралқаның 13 отырысы өткізілді, оларда  90 нормативтік-құқықтық акті қаралды.

Қалыптасқан дәстүр бойынша, бюджетке өзгерістер енгізу, бюджеттің атқарылуы туралы есепті облыстың қоғамдық кеңесі облыстық мәслихаттың бюджет, өнеркәсіп, шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясымен бірлесіп жүргізеді.

Қоғамдық кеңес төралқасының мүшелері міндетті түрде облыстық мәслихат сессияларының жұмысына қатысады, сессиялардың, облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырыстарына мәселелерді дайындау жөніндегі жұмысқа тартылады.

Тамыз айында қоғамдық тыңдауда «Қостанай қаласы Дружба тұрғын алабы тұрғындарының кейбір проблемалары туралы» жоспарлы мәселе тыңдалды. Талқылауға кент тұрғындары, ардагерлер ұйымының өкілдері, бастамашыл топтың мүшелері тартылды. Тұрғындар алдында Қостанай қаласы әкімінің орынбасары есеп берді.

Қазан айында қоғамдық тыңдауда студенттік кәсіподақтар, студенттік комитеттер, белсенді жастар тартыла отырып «А. Байтұрсынов ат. ҚМУ,                Ө. Сұлтанғазин ат. ҚМПУ,  З. Алдамжар ат. ҚӘТУ басшылығының  Елбасының студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындауы туралы» жоспарлы мәселе тыңдалды.

Қарашада Мемлекеттік қызмет істері департаментімен бірлесіп облыстық басқармалар басшылары орынбасарларының, қалалар мен аудандар әкімдері аппараттары басшыларының, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау қызметі басшыларының қатысуымен «Сервистік мемлекеттің тұжырымдамасы: мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі» тақырыбына арналған қоғамдық тыңдау өткізілді.

Желтоқсанда «ҚЖЭК-тің көрсетілетін қызметтерін төлеу жөніндегі жаңашылдықтарға байланысты жұртшылықтың алаңдауы туралы»  қоғамдық тыңдау болып өтті, онда Қостанай жылу-энергетикалық компаниясының директоры А.У. Бекпағанбетов есеп берді.

Қоғамдық бақылау ретінде қазан айында Қоғамдық кеңес мүшелері Қостанай қаласының «Әуежай» ауданындағы жаңа № 29 орта мектебіне барып шықты.

Қарашада Ресей мен Қазақстанның өңіраралық ынтымақтастығының XVI форумы аясында мемлекет басшыларының қатысуымен Ресей Федерациясы Свердлов облысының Қоғамдық палатасымен ынтымақтастықты дамыту жөніндегі Меморандумға қол қойылды.

Қоғамдық кеңес мүшелері Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауы бойынша түсіндіру, насихаттау жұмыстарына белсенді қатысты.

10 желтоқсанда Қостанай облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде брифинг өтті, онда Қоғамдық кеңес мүшелері – төраға             А.Ж. Тұрсынов, бюджет мәселелері жөніндегі комиссияның төрағасы             С.М. Жалыбин, хатшы Ә.М. Дуанбаева Қоғамдық кеңес жүргізіп отырған жұмыстар туралы айтып берді.

Қоғамдық кеңестің барлық іс-шаралары электрондық және баспа БАҚ қызметкерлерін шақыра отырып өтеді. Облыстық мәслихаттың интернет-ресурсы белсенді қолданылады, онда тұрақты түрде хабарландырулар, жаңалықты материалдар орналастырылады.

Кеңес мүшелері дөңгелек үстелдер, кеңестер, жұмыс топтары жұмысына қатыса отырып Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық филиалымен, мемлекеттік органдармен тығыз ынтымақтастық қатынас орнатқан.