Мәслихаттың 2019 жылғы 18 желтоқсандағы № 454 «Қостанай облысының 2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 106, 108-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттік басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Қостанай облыстық мәслихатының «Қостанай облысының 2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» 2019 жылғы 18 желтоқсандағы № 454 шешіміне (2019 жылғы 20 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8827 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Қостанай облысының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2020 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 269 802 638,7 мың теңге, оның iшiнде:
салықтық түсімдер бойынша – 6 091 342,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша – 777 223,2 мың теңге;
негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша – 25 132,0 мың теңге;
трансферттер түсімі бойынша – 262 908 941,5 мың теңге;
2) шығындар – 268 897 505,8 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу – 23 421 491,2 мың теңге, оның iшiнде:
бюджеттік кредиттер – 41 263 488,8 мың теңге;
бюджеттiк кредиттердi өтеу – 17 841 997,6 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 9 523 753,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – – 32 040 111,3 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 32 040 111,3 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 1, 2 және 3-қосымшалары осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Осы шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облыстық мәслихаты
сессиясының төрағасы,
Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы С. Ещанов